Мамыражай діни ахуал - өрлеу белгісі

Қысқаша

Мамыражай діни ахуал - өрлеу белгісі

8.jpg

Созақ ауылының Мәдениет үйінде «Мемлекеттің зайырлылық принциптері» тақырыбындағы аудандық форум өтті. Аталмыш жиынға аудан көлеміндегі мешіттер имамдары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен Дінтану негіздері пәнінің мұғалімдері, ауылдық округ әкімшіліктері жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ мүшелері, «Жастар ресурстық орталығы» мамандары қатынасты. Форумда Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ернар Құралбекұлы Сағындық баяндама жасап, сөзін «Дін – рухани байлық пен ізгіліктің, татулықтың, сабырлықтың, төзімділіктің, барша жақсылық атаулының бастау жолы. Мына отырған біздер үшін елімізде орныққан дінаралық татулық пен төзімділікті, келісімді өз дәрежесінде дамыта түсіп, еліміздің тәуелсіздігін одан әрі баянды етуден артық міндет жоқ» деп түйді.

Жиында Созақ ауданының Бас имамы Мейрамбек Есіркеп, «Созақ үні» газетінің журналисі Данияр Беков және Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі Жәнібек Елшібаев сөз алып, күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз ойларын ортаға салды.

Форумның соңында Созақ ауданының Бас имамы Мейрамбек Есіркеп, «Жуантөбе» мешітінің имамы Сабыр Амандосов, Түркістан облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог-маманы Қуаныш Қосмаханов діни тұрақтылықты сақтауға, ұлттық салт-дәстүр сабақтастығын жалғастыруға қосқан үлестері үшін Созақ ауданы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.