Жат ағымның жетегінен сақтауда мешіттердің алар орны жоғары

Қысқаша

Жат ағымның жетегінен сақтауда мешіттердің алар орны жоғары

5.jpg

Жергілікті тұрғындарды исламның тура жолымен жүруге бағыт бағдар беруде және керағар ағымдардан аулақ болуға шақырып, жат ағымның жетегінен сақтауда мешіттердің алар орны жоғары.

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекенінде «Әсіпбай қажы» мешіті жаңадан бой көтеріп, есігін жамағатқа айқара ашты. Мешіттің ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Түркістан облысы бойынша өкіл имам Наурызбай қажы Тағанұлы, аудан әкімінің орынбасары, ішкі саясат бөлімінің мамандары, ауданның ақсақалдары, ауданның бас имамы, облыстық мешіттің наиб имамдары, алыс-жақыннан келген ағайындар, ауыл азаматтары қатысты. Ашылу салтанатын Ордабасы ауданына «Темірлан» мешітінің ұстазы Убайдулла қари Құран оқумен бастаса, дұғасын наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы берді.

Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құттықтау сөзінде: «Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің ыстық сәлемін жеткізе отырып, мешіт – Алланың жердегі үйі, кімде-кім мешіт салатын болса, жәннаттан оған сарай салынады. Алла Тағала осы игілікті іске мұрындық болған барша азаматтарға разы болсын»,-деген ризашылығын жеткізді. Арнайы сыйлық Құран кітабын «Әсіпбай қажы» мешітінің имамы Шыңғысқа табыс етті.

Ары қарай сөзді Ордабасы ауданының әкімінің орынбасары Аңсарбек Советұлы «Мешіт имандылық ордасы, мешіт еліміздің рухани ордасы құтты болсын. «18 қазан Рухани келісім» күнімен қатар келген қуаныш елге жақсылық әкелсін»,-деген ыстық лебізін жеткізді. Мешіт салған кәсіпкер азаматтар наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына қазақы дәстүрмен шапан жапты. Өз кезегінде наиб мүфти Наурызбай қажы шапанды ауылдың дуалы ауыз, абыз ақсақалына сыйлап, тарту етті.

Кезегімен ауыл ақсақалдары, баталарын беріп, мешіт салған азамат Талғат Серікбаев аға барша келген жамағаттарға ризашылығын білдіріп, мешіт Алланың үйі, ауылды имандылыққа шақыратын жер болса»,-деген ниетін білдірді.

Ары қарай мерекелік дастархан жайылып, қазақы әдемі айтыспен жалғасты. Жиналған көпшілік ризашылықтарын білдірді.