Теолог маман оқушыларды ата-аналарын құрметтеуге шақырды

Қысқаша

Теолог маман оқушыларды ата-аналарын құрметтеуге шақырды

0.jpg

Түркістан облысы Отырар ауданында С.Аширов атындағы мектеп-гимназиясында жоғары сынып оқушыларымен «Жастар жадына – ғаламтор жау» тақырыбында жалпы кездесу өткізді. Кездесуге дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Б.Темирханов қатысты. Кездесу барысында радикалды діни топтардың діни білімі саяз азаматтарға әлеуметтік желісі арқылы Ислам дінін бұрмалап салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптарды жоққа шығару арқылы өз қатарларына тартуға тырысатындығы баса айтылды. Сонымен қатар,ата-бабамыз ұстанған дәстүрлі Исламның артықшылығы дәйекті дәлелдермен көптеген мысалдар арқылы жеткізілді. 

Мысалы, дәстүрлі дінде бала ата-анасы намаз оқымаса да оларға зор құрмет көрсетеді. Ал, теріс діни ағымдарда ата-анасы намаз оқымаса, бала-шағасы олардан теріс айналады. Ата-анасын сыйламайды. Бұл жерде дұрысы – ата-анасын сыйлау. «Әке қарғысы – оқ,» «Жұмақ – ананың табанының астында» демекші, қандай жағдай болмасын, бала өз ата-анасын сыйлауы керек. «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да қарызыңнан құтылмайсың» деген сөздің астарында қандай тәрбиелік мән жатыр! Теолог мамандар оқушыларды ата-анасын құрметтеуге шақырды.

 Бұдан бөлек, елімізде көптеген теріс пиғылды діни ағымдар мен ұйымдардың сот шешімімен жабылғандығы және оған қатысы бар деген күдікпен қаралған азаматтардың да заң алдында қатаң жауапкершілікке тартылатындығы да түсіндіріліп өтті. Кездесу соңында әлеуметтік желідегі теріс діни ақпарат көздерінен сақ болу жөнінде қосымша қажетті мағлұматтар беріліп, қойылған сұрақтарға жауап берілді.