Дәстүрлі дінді насихаттауда – имамдардың қызметі зор

Қысқаша

Дәстүрлі дінді насихаттауда – имамдардың қызметі зор

1542712786670777.jpg

Ордабасы ауданының әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Түркістан облысы бойынша өкіл имам Наурызбай қажы Тағанұлы жергілікті жұртшылықпен кездесті. Оған Ордабасы аудан әкімінің орынбасары Аңсарбек Советұлы, ішкі саясат бөлімінің мамандары, облыстық наиб имамдар, Ордабасы ауданының бас имамы Бастарбек Әшірбаев, БАҚ өкілдері, әкімдік қызметкерлері, ақсақалдар, мектеп мұғалімдері, ауданға қарасты 40 мешіттің имам-молдалары қатысты.

Кездесуде наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «18 қазан Рухани келісім» күнімен құттықтап, қоғамның тұрақтылығы, көп ұлтты мемлекетіміздің бірлігі, діндердің төзімділігі үшін – бізге ауызбіршілік керек. Ислам – бейбітшілік пен ынтымақ діні. Сан ғасырлық тарихымызда қазақ даласын көптеген діндер жүріп өткен. Сол діндерден тек қана Ислам діні ғана топырағымызда сіңіп, бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Ислам дінін, ата-баба жолын, дәстүрімізді насихаттауда – имамдардың қызметтері зор. Рухани кемелдікке жеткізу үшін имамдарымыз білімді, білікті болу керек. Аллаға шүкір аудандарыңызда 40-тан аса мешіт бар, осы мешіттерде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бұйрықтанған имам-молдалар, ұстаздар қызмет атқаруда. Олардың қызметі – рухани қажеттілікті шама-шарқынша жетілдіру. Руханият – адам баласын жақсылыққа шақырады. Рухани жетілген адам ғана түрлі ағымдардан сақтана алады. Әрбір рухы мықты азамат ел тірегі, сондықтан еліміз аман, жұртымыз түгел болсын, жастарымыз білімді болсын»,- деген тілегін жеткізді.

Ары қарай аудан әкімінің орынбасары Аңсарбек Советұлы Түркістан облысында жаңадан Муфтият кеңсесінің ашылуымен құттықтап, наиб мүфтиге ауданға атбасын тіреп, ауданның діни ахуалының жай-күйімен таныстырып, елдің, жастар арасында түрлі ағымдарға кетіп жатқан жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында имам-молдалардың көмегінің көп болғандығын жеткізіп, алғысын айтты. Кездесуде көпшіліктен сұрақтар қойылып, оған наиб мүфти тарапынан нақты, қонымды жауаптар беріліп отырды.