Салықты заң шеңберінде төлеу - әрбір кәсіпкердің парызы

Қысқаша

Салықты заң шеңберінде төлеу - әрбір кәсіпкердің парызы

1540373261905468.jpg

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің ұсыныстарына сәйкес ҚР Қаржы министрлігінің Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыруымен салық саласының қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері талқыланған жиын өтті.

Жиынға ҚР Қаржы министрлігінің Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы мен салық саласының қызметкерлері қатысты. Кездесуде сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанына қарамастан, жемқорлық деңгейі жоғары салалардың бірі салық саласы екендігін атап өтті. 

Қазір салық төлеуде көптеген бизнес өкілдері түрлі құйтырқылықтарға барып жатады. Мысалы, кірісті аз көрсету, жалақыны аз жазу немесе мүлдем жазбау. Бұл ел экономикасына зор шығын келтіреді. Мысалы, тойханалар жылына 2-4 млн теңге табыс түседі, тойханада 3-4 адам жұмыс істейді деген деректер беріліп жатады. Бұл қаншалықты шын? Міне, осындай күдікті деректерді зерттеу жұмыстары қызу жүргізілуде. Жалпы, салықты заң шеңберінде төлеу - кәсіпкердің азаматтық парызы десек болады. Себебі, ол салық төлеу арқылы өз елінің гүлденуіне ат салысады.

Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Н.Қамбатыров салық саласында орын алған қылмыстарға тоқталып, оларды шешу жолдарын айтты. 

Кездесу соңында Ғ.Тұрсынбаев қатысушыларға өткізілген кездесуден қорытынды шығаруға және адал аттарына кір келтірмей, еліміздің кемел болашағы үшін бірлесіп жұмыс жүргізуге шақырды.