Аудан әкімі кәсіпкерлердің жай-күйімен танысты

Қысқаша

Аудан әкімі кәсіпкерлердің жай-күйімен танысты

1540305913438647.jpg

Түркістан облысы, Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков бірқатар кәсіпкерлік нысандарында болып, кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды ақпарат аудан әкімінің баспасөз қызметі. 

Алдымен, аудан әкімі «Ленгер машина жасау зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, жұмыстарымен танысты. Биылғы жылы зауытта жиһаз (үстел, орындықтар) және сабын өнімдерін дайындайтын цехын іске қосты. Мекеме басшысы Нарбеков Абубакир Абдукадырұлы алдағы жоспарларымен бөлісіп, бүгінде 55000 орташа айлық жолақысымен 25 жұмысшы қызмет атқаратындығын айтып өтті. 

Содан соң, аудан әкімі қуаттылығы тәулігіне 18 тоннаға дейін жеміс-жидекпен көкөністерден ұнтақ өндіру цехына жұмыс сапарын жалғастырды. Мекеме басшысы Ибрагимов Мурат цехта Венгрия мемлекетінен алынған құрал-жабдықтар орнатылғандығын және мекемеде 10 жұмысшы жасайтынын айтты. Сондай ақ, цехты жақын арада іске қосуға дайындап жатқандарымен аудан басшысымен бөлісті. 

Мұнан кейін, аудан әкімі «LENGER TEXTILE» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Талғат Байжановпен кездесіп, мұнда шығарылатын арнайы жұмыс киімдерімен танысты. Мұнда 30 адам жұмыспен қамтылған, орташа жолақылары 35000-40000 теңгенің көлемінде. Содан соң, аудан басшысы астау, бесік, ағаштан ұлттық нақыштағы бұйымдар шығарылатын жеке кәсіпкер Болат Түкібаевтың қол өнер шеберханасында болды.