Түркістан облысының мектептері 100 пайыз күрделі жөндеуден өтті

Қысқаша

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде білім берудің өзекті мәселелері қаралды. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

1540311206824825.jpg

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде білім берудің өзекті мәселелері қаралды. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Жиында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев күн тәртібіндегі мәселе мен Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауында мектепте, мектепке дейінгі және жоғары оқу орындарында білім беру сапасын арттыру туралы берген тапсырмалары туралы баяндады. 

Білім беру саласындағы мәселелерді талқылау барысында өңірлерде білім беру сапасын арттыру, инфрақұрылымды жақсарту, үш ауысымда оқытуды азайту және жаңа мектептер салу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев та баяндама жасады. 

- Облыста күрделі жөндеуге байланысты 100 пайыз жұмыс атқарылды. Ол жағынан кемшілік жоқ. Алайда, қамтамасыз ету мәселесінде өзекті мәселелер жетерлік. Өйткені, жалпы биылдың өзінде 1-сыныпқа 37 мың бала барып отыр. Былтырғыға қарағанда 8 мың балаға көбейді. Ал 10-сыныпта балалардың саны былтырғыға қарағанда 12 мыңға көп. Яғни, бұл біздегі демографиялық жағынан өсім жағдайын ескере отырып, бізде әрқашан, жыл сайын осындай қиыншылықтар туып тұрады. Әрине, бұл мәселелерді біз өз тарапымыздан шешуге тырысып жатырмыз. Үкімет тарапынан беріліп жатқан қаржылардың есебінен де көптеген мәселелер шешіліп жатыр, - деді Ж.Түймебаев.

Селекторлық отырыста, сонымен бірге, аймақ басшысы біздегі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз ету 89,4 пайызға орындалғанын жеткізіп, межеленген жоспарға жыл соңына дейін қол жеткізу жоспарланып отырғанын айтты. Бүгінгі таңда өңірімізде 1368 балалар бақшасы болса, оның 564-і мемлекеттік, 804-і жеке меншік. "Балапан" бағдарламасы бойынша қолға алынған шаруаға жергілікті іскер азаматтар белсенді қатысып жатқанын мәлімдеген өңір басшысы жыл соңына дейін 32 жеке балабақшаның пайдалануға берілетінін жеткізді.