Астана қаласы полиция басқармасының ақпараты бойынша, «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы аясында 1 қарашада Астана қаласының Әкімшілік полиция басқармасы балаларға көлік қызметтерін көрсетумен айналысқан («АТФ №8» ЖШС, «Скулбасс» ЖШС) автобустарын тексерді.
Шара барысында 25 көлік тексерілді. Екі автобустан техникалық ақаулар анықталды.