«Мейiрiм» атты жаңа орталық церебралды паралич ауруына және басқа да сырқаттарға ұшыраған, интеллектуалдық дамуы төмен, сонымен қатар Даун синдромына шалдыққан 3-тен 15 жас аралығындағы мүмкіндіні шектуелі балаларға есептелген.
Мекеменің бір ерекшелігі, мұнда әр бала үшін коррекциялық және реабилитациялық дамудың жеке әдісі жасалған. Балалар коррекциялық-даму сабақтарына қатысады, оларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетіледі, емдеу физкультурасы, массаж, физиотерапия, әлеуметтік-еңбек реабилитациясы, музыка, көркем және ойын терапиясы жұмыс істейді.
Орталық аумағына айрықша инклюзивті балалар алаңы орналасқан, мұнда олар түрлі жаттығулар жасайды, өздерін тік ұстап, координацияларын, жалпы және шағын моториканы, күштерін, ептілігін, көру қабілеттерін, тактильді сезінулерін, жетілдіреді және топ болуға ойнауға бейімделеді. Жалпы, орталық айналасында мүгедек арбасындағы және мүмкіндігі шектеулі балалардың еш кедергісіз қозғалуы үшін барлық жағдайлар жасалған.
«Әлеуметтік қоғамның басты мәні - адамдарды жалғыз қалдырмау. Мемлекет басшысы бұған айрықша назар аударуда, осыған орай алматылық кәсіпкерлердің басым көпшілігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мұндай әлеуметтік бағдарламаларға қолдау білдіруде. «Болашақ» қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы ретінде аутизм проблемасымен біз кеңінен айналыстық. Жеке қаржыны тарта отырып, инклюзиді қолдаудың 20 кабинеті ашылды, оның 7-і Алматыда. Өз кезегінде қалалық әкімдік тарпынан біз көшелерді абаттандырып, барлық тұрғындар үшін қолайлы жағдайлар жасаудамыз. Олардың арасынан сәбидің арбасын сүйреген аналарды, қарттарды және мүкіндігі шектеулі жандарды көруге болады. Қазіргі кезде реконструкция аясында біздің қаламыз ерекше қолдауды қажет ететін адамдар үшін барынша қолайлы болуда», - деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек балалардың ата-аналарымен кездесуде.
Айта кетерлігі, Алматыда әлеуметтік саланы қаржыландыру соңғы үш жылда 2,5 есе өсті. Биылғы жылы тек мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға ғана қала әкімдігі 7 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.
Қазіргі кезде қалада 23 реабилитацилық орталық жұмыс істейді, олардың тең жартысы жекенікі. Өз кезегінде «Мейiрiм» орталығы 2007 жылы әкімдік уақытша пайдалануға берген №250 бала бақша базасының негізінде ашылды.