Бүгін күн ашық болады

Қысқаша

16 қыркүйек антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн райы ашық, тек еліміздің солтүстігінде, батысында және шығысында фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай болады

e1ddbb110c1d29baaf063999bd7f6322_crop_l_7_t_3_w_942_h_530_resize_w_520_h_.jpg

Кей жерде жел күшейіп, оңтүстікте және батыста шаңды дауыл соғады. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батыста, орталығында және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.


Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.


Қызылорда, Атырау облыстарының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады.


Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с жетеді.


Жамбыл, күндіз Түркістан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.


Түнде Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.


Қостанай, түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі.


Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Жамбыл, Атырау, облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.