Шымкент зообағында түйеқұсты тепкен ер адам іздестіріліп жатыр

Қысқаша

Егер бұл азаматты танысаңыз, бізге хабарласыңыз.

image.png

Шымкент қалалық зообағында ер адам қауіпсіздік талаптарын елемей, қоршаудан асып түскен деп жазады ҚазАқпарат. Ол түйеқұсты теуіп қана қоймай, басқа да жануарларды әдейі қорқыта бастаған. Бұл әрекет зообақ қызметкерлерінің де, қала тұрғындарының да ашу-ызасын туғызды.

— Жануарлар — ойыншық емес, олар да ауырсыну мен қорқынышты сезіне алады. Мұндай әрекет адамгершілікке жат. Жануарларға құрметпен қарау — әрбір азаматтың борышы, — деді зообақ өкілдері.

Зообақ әкімшілігі құқық бұзушыны анықтауға қоғам белсенділерінен көмек сұрап отыр.

— Егер бұл азаматты танысаңыз, бізге хабарласыңыз. Ақпарат міндетті түрде құқық қорғау органдарына жолданады, — делінген ресми хабарламада.

Шымкент қалалық полиция департаменті бұл дерекке байланысты тексеру жұмыстары басталғанын растады. Қазіргі таңда құқық бұзушыны анықтап, оны заң аясында жауапқа тарту мәселесі қаралып жатыр.