Қазақстанда АЭС салатын консорциумды құру жұмыстары қай сатыда

Қысқаша

механизмі әлі нақтыланбағанын айтады.

image.png

«Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС бас директорының орынбасары Ринат Оқасов Қазақстанда алғашқы АЭС салумен айналысатын консорциум құру жұмыстары қандай сатыға жеткенін мәлім етті деп жазады ҚазАқпарат.

- Концорциум құру деген – күрделі процесс. Өйткені бірден бірнеше шетелдік және халықаралық компаниясы қатысу керек. Біз қазір осы компаниялардың бәрімен келіссөз жүргізіп жатырмыз, - деді Ринат Оқасов деді ол елордада өтіп жатқан семинардың кулуарында.

Сондай-ақ, ол консорциумға мүше болатын компанияларды іріктеу механизмі әлі нақтыланбағанын айтады.

- Механизм әлі белгісіз. Қалай болған да бас мердігер болады деп топшылап отырмыз. Жобамызға қатыса алатын шетелдік компанияларды сол бас мердігермен бірлесіп іріктейміз. Қазір шорт-парақтағы 4 компаниямен де сол қалпы келіссөз жүргізіп отырмыз. Бұл Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, Франция компаниялары екенін білесіздер. Консорциум осы компаниялардың қатысуымен құрылады деп топшылаймыз, - деді компания басшысының орынбасары.