Балалардың терезеден құлауы алаңдатады – Астана әкімдігі

Қысқаша

москит торларын пайдаланбаңыз

Елордада балалардың терезеден құлауының алдын алу және болдырмау жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігі мәлім етті.

Төтенше жағдайлар департаменті ювеналдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар сондай-ақ еріктілер жұмылып, бірге түсіндіру жұмыстарын атқарды. 

— Елордадағы 40-тан астам балабақшада балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу мақсатында ақпараттық-түсіндіру және алдын алу шаралары жүргізіліп, тұрмыстық қауіпсіздік бойынша сабақтар ойын түрінде ұйымдастырылды. Ата-аналармен де түсіндіру жұмыстары жүргізілді, — делінген хабарламада.

Балалардың жарақат алу жағдайларын азайтудың негізгі қауіпсіздік ережелері:

— үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыз, өйткені бұл баланың өміріндегі соңғы сәтке айналуы немесе оны мәңгілік мүгедек етуі мүмкін, оған бірнеше секунд жеткілікті; 

— балаларды қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезелер мен шыны есіктердің жанында ойнаған кезде;

— тиісті терезе қорғанысынсыз москит торларын пайдаланбаңыз

— балалар оған сүйенгенді ұнатады, оларды сенімді тірек ретінде қабылдап құлап кетуі мүмкін;

— балалардың терезені өздігінен ашуына жол бермеу үшін терезелерге қауіпсіздік құлыптарын (блокаторларды) орнату;

— бала терезеге шықпас үшін жиһазды терезеге жақын қоймаңыз.