Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді – Қазгидромет

Қысқаша

Алматыда жолдарға мұз қатады.

image.png

Синоптиктер 7 ақпанда Астанада және республиканың 17 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді. 

Астанада солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с.

Абай облысының орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Семей қаласындағы Ертіс өзенінің гидрологиялық бекетінде (Абай облысы) мұздың жиналуы нәтижесінде су деңгейінің күрт көтерілуі байқалды. Су деңгейі 06.02.2025 ж. 08:00 - 376 см, 12:00 - 401 см. Гидрологиялық постта су деңгейінің әлі де көтерілуі күтілуде.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының орталығында қарлы боран болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, солтүстікте, оңтүстікте, облыс орталығындағы желдің екпіні - 15-20. Мұғалжар ауданында кейде желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. 

Алматы облысының таулы аймақтарында көктайғақ болады. Алматыда жолдарға мұз қатады.

Атырау облысында шығыстан және солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аймағындағы желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысында шығыстан және солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының батысында және солтүстігінде түнде бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, батыста, облыстың солтүстігіндегі соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысына тұман түсуі мүмкін. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 

Қызылорда облысында солтүстіктен жел соғады, облыс орталығындағы соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші батыста, облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Солтүстіктен соғатын жел екпіні облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с жетеді.

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Айта кетейік, бүгін ауа райына байланысты Ақтөбе және Қызылорда облыстарында жол жабылды. ҚазАвтоЖол көлік қозғалысын шектеу туралы шұғыл ақпарат жариялады.