Қазақстанда оқу сауаттылығының деңгейі артып келеді. PISA рейтингісінде кітап оқу бойынша үздік 50 елдің қатарына қосылды.
Қазақстан кітап оқу бойынша әлемде 46-орында. 2022 жылы PISA ұйымы математика мен жаратылыстану бағытында білім алатын оқушылар арасында зерттеу жүргізіп осындай қорытынды шығарған.
2018 жылғы зерттеуде біздің ел 75 елдің ішінде 61-сатыға тұрақтаған. Айта кетейік, рейтинг әр үш жыл сайын жаңарып тұрады.