Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонның Рональд Рейган атындағы Ұлттық әуежайы маңында болған ұшақ апатынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа, қайтыс болған жандардың отбасыларына және қайғылы оқиғадан зардап шеккен азаматтарға Қазақстан халқының және өзінің атынан көңіл айтты.