«Тұран» атауы бекітілді

Қысқаша

«Тұран» атауы бекітілді

Үшінші  мегаполистегі бесінші ауданның атауы  қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы түпкілікті бекітілді.  Жаңа аудан ерекше маңызды, тарихи «Тұран» атауына ие болады.

Screenshot_3.jpg

Қоғамдық тыңдауларда қала тұрғындарының 63,5 пайызы, яғни жастар, ардагерлер кеңесі және Шымкент Азаматтық Альянсы «Тұран» атауына дауыс беріпті. Тұраннан басқа жаңа ауданға Бадам, Яссы, Жібек жолы, Мартөбе және т.б. есімдерді беру жайында ұсыныстар болған екен.  «Сіздерді құттықтаймын, жаңа аудан Тұран деп аталды. Қалаға және жалпы елге гүлдену тілеймін»,– деді жиында Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов.

Жағымды жаңалықтар осымен біткен жоқ. Сессияның қарауында тағы бір шешім шықты. Ол – Шымкентті екі рет басқарған Анарбек Орманды «Құрмет» грамотасымен марапаттау. Депутаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдады. «Баршаңызды жаңа ауданның атауы берілгендігімен құттықтаймын! Баршаңызға бейбітшілік пен денсаулық тілеймін! Бүгінгі сессияда көптеген маңызды мәселелер талқыланды, әрі қарай жұмыс істеуді жалғастырамыз»,– деді өз сөзінде шаһар басшысы Мұрат Әйтенов. 

Сессияда сонымен қатар  білім берудің сапасын арттыру және жаңа оқу жылына дайындық, жылу маусымына дайындық шаралары, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының орындалуы, сонымен бірге бірқатар мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі көтерілді. Білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева биыл 24 жаңа мектеп пайдалануға берілетінін, нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 9-дан 5-ке төмендейтінін айтты. Сонымен қатар, биыл өткен жылға қарағанда 1-сыныпқа баратын балалар саны 3 мыңға артқан. Бастауыш сынып оқушылары толығымен осы жылы да бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылады.

Қала іргесіндегі шаруа қожалықтары биыл жер салығының базалық ставкасы тым жоғары, оны төлеуге шамамыз келмейді деп наразылық білдірген болатын. Мәселені жоғары деңгейде көтерген диқандардың жанайқайына өкілетті және атқару органдары құлақ асып, қалалық мәслихаттың сессиясында ауыл шрауашылығы мақсатындағы жер салығы мөлшерін төмендету бойынша мәселені талқылады. Сонымен, сессияда бағалау аймақтарындағы жер учаскелері базалық ставкаларының түзету коэффициенттері; қоршаған ортаға эмиссия мөлшерлемелері;  абаттандыру қағидалары; мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері; коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормалары бекітілді. «Қабылданған шешімдер қаламыздың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына оң серпін береді деп сенемін», деген Мұрат Дүйсенбекұлы  нәтижелі жұмыс үшін халық қалаулыларына алғыс айтып, әкімдікке қарасты басқарма басшыларына нақты міндеттер қойды. Білім беру, денсаулық сақтау және коммуналдық салаға қатысты мәселелерді толық қадағалауға алуды тапсырды.