Жұмыс істеймін деген жасқа мүмкіндік көп

Қысқаша

Жұмыс істеймін деген жасқа мүмкіндік көп

Screenshot_2.jpg

Шымкентте 245 мыңнан аса жастарға қолдау көрсету мақсатында 4 ауданнан жастар ресурстық орталықтары ашылып, жыл басынан бері 21 мың жасқа қызмет көрсеткен. Одан бөлек, 9 ірі сауда орталығында жастар ұйымдары құрылған. Олар кәсіпкерлікті дамыту және заңдастыру, спорттық шараларға тарту сынды бағытта жұмыс істейді. 

Бұл туралы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы М.Шотанов басқарманың 6 айда атқарған жұмыстары туралы қала әкіміне берген есебінде айтты. Басқарма басшысының айтуынша,  «Профновигация» жобасы аясында мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар жұмыстары бойынша 56 кездесу мен семинар-тренингтер, кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырылған.

Жастарды жұмыспен қамту мақсатында: NEET санатындағы жастар туралы тұжырымдама әзірленіп, бекітілді. Жыл басынан 27 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 4 100 жас қамтылған. «Мобильді топ» 48 шалғай елді мекенді аралап, 15 мыңнан астам жасқа ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізген. 6 828 жас мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 162 жас алғашқы жұмыс орындары, 123 жас әлеуметтік жұмыс орындар, 3 623 жас тұрақты жұмыспен, 996-ы жастар практикасымен, 1 924 жас қоғамдық жұмыс орындарына жолданған. 

Қала әкімі М.Әйтенов жастарды кәсіпкерлік іске баулу, жұмысқа орналастыру, оларға заманауи технологияны меңгерту күн тәртібінен түспей отырған өткір мәселелердің бірі екенін атап көрсетті. Жастардың әлеуметтік мәселесін шешу үшін, алдымен жұмыспен қамтуды шешу қажет. Жұмыс істеймін деген жасқа мүмкіндік көп. Қала әкімі жастар орталықтарына түсіндіру, жан-жақты қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.