Бұл туралы Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.
- 2023 жылға қарай дәрігерлердің орташа жалақысы 531 мың теңгені, ал орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 250 мың теңгені құрайтын болады, - деді министр облыс халқымен өткен кездесуде.
Сонымен қатар министр облыс халқының көкейтесті сұрақтарына жауап берді.
- Біздің балаларымыз жылда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына жолдамамен барып, ем алады. Жолдың ұзақтығы мен қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты көптеген балаларымыз ол жаққа барып келе алмайды. Сондықтан облыс орталығынан балалар орталығы ашылса деген ұсыныс бар, - деді қала тұрғыны Майра Асанова.
- Сарыағаш және Ордабасы ауданында екі үлкен перинаталды орталық салынады. Қосымша Арыс қаласында жаңа емхана салынатын болады. Осы қыркүйек айында құрылысы басталады. Түркістан қаласында Ана мен бала орталығы салынады. Келесі жылдың соңында пайдалануға беріледі, - деді министр.