Сенатор мегаполиске оң бағасын берді

Қысқаша

Сенатор мегаполиске оң бағасын берді

Screenshot_8.jpg

Милионды қалада мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттен көптеген жағдайлар жасалып, көмек көрсетіліп келеді.  Ерекше азаматтарға арналған жобалар да жүзеге асырылуда.  Бұған  ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева Шымкентке жасаған сапары барысында куә болды. Сенатор Шымқалада бірқатар нысандардың жұмысымен танысты.  Алдымен  «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығына барды. Онда  қалалық мүгедектер қоғамының белсенділерімен кездесті.

«Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы «бір терезе» қағидасымен 5 бағытта қызмет көрсетеді. Мұнда 1 900 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға  дәрігер мен психолог жұмыс істейді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыруға баса назар аударылған. Сондай-ақ, бұл жерде мүмкіндігі шектеулі азаматтар әлеуметтік порталдың қызметін өз бетінше алуды үйренуіне болады. 

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Бүгінде мемлекеттік жәрдемақымен қоса медициналық оңалту және ем түрлері көрсетіледі. Әлеуметтік портал арқылы көмекші құралдармен толық қамтамасыз етілуде. Оған қоса Парламентте мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қорғауға бағытталған заңнаманы желтілдіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Сессияаралық демалыс кезінде осы жұмыстың нәтижесі қалай болып жатқанын көру үшін өңірлерді аралап жатырмыз, — деген  сенатор мүмкіндігі шектеулі балалардың да жағдайына тоқталып өтті. 

«Мүгедектігі бар балаларға мемлекеттен тегін санатори кепілдендірілген. Бірақта сол мүмкіндікті ерекше балалар пайдалана  алмайды.  Себебі жалғыз бара алмайды. Алдағы уақытта демалысқа баласымен бірге барған отбасы мүшесі шығынының 70 пайызын мемлекеттен бөліну тәртібі іске қосылады.  Бұл көптен бері ерекше бала баққан жандардың өтініші еді. Сонымен қатар қоғамдық көліктерді мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы ету мәселесі қолдау тапты»,- дейді ол.

Мүгедектігі бар азаматтарды қолдау үшін бюджеттен биыл  – 4,5 млрд. теңге қаржы қарастырылды. Шымкентте мүгедектігі бар 37 мыңнан астам азамат бар. Олардың 7 мыңнан астамы 18 жасқа толмаған жасөспірімдер.

Халық халаулысы осыдан кейін  «Аялы алақан» №5 арнайы қызмет көрсету орталығының қызметімен  танысты. Орталық 116 балаға арналған. Қазіргі таңда  110 бала ем дом қабылдауда. Мекемеде 3-18 жас аралығындағы тірек қимылы бұзылған,  психикалық ауытқуы бар балалар емделуде. 130 дан сатам педагок медицина қызметкері күндізгі бөлімде қызмет етеді.

Ләззат Молдабекқызы  қалаға сапары барысында  «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» бүгінгі тыныс-тіршілігімен де  танысты. 2019 жылы құрылған орталықта қазіргі таңда 500-ден астам зейнеткерге қызмет көрсетілуде. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты орталықтың жұмыс ауқымы кеңейген. Мұнда арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерінің саны да артып келеді. 

Сенат депутаты дәрігерлік тексеру (терапевт, невропатолог, физиотерапевт, психолог), еңбек, музыка, бейнелеу өнері (ART терапия), қыш өнері (ART ELAY), компьютерлік сауаттылық және тағы басқа бөлімдерді аралап көрді. Сенат депутаты орталықтың жұмысын оң бағалап, қаладан мұндай әлеуметтік медициналық оңалту орталықтарын көптеп ашу қажеттігін атап өтті.

Сауықтыру мекемесінде зейнеткерлерге күнделікті 2 ауысымда 4 сағаттық арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері ұсынылады. Қарияларға қызмет көрсету үшін кардиолог, терапевт, невропатолог және физиотерапевт дәрігерлері жұмылдырылған. Сондай-ақ, зейнеткерлердің емдік дене шынықтырудан бастап йога, би, бильярд, үстел теннисімен шұғылдануға мүмкіндігі бар. 

2021 жылдың желтоқсан айында орталықтың қосымша бөлімшесі ашылған болатын. Онда зейнет жасындағы азаматтарға 4 сағатқа дейінгі арнаулы әлеуметтік қызметтер және жалғызбасты қарттарға 8 сағатқа дейін жартылай стационар жағдайда қызмет түрлері көрсетілуде.

Айта кетейік, халық қалаулысы қаладағы әлеуметтік қамсыздандыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өзекті сұрақтары және оларды шешу жолдары, әлеуметтік мәселелерлерді талқылауға арналған дөңгелек үстел мәжілісіне қатысты.  Жалпы сенатор сапар барысында Шымкенттегі жағдайға оң бағасын берді. Ерекше азаматтардың  құқығын алдағы уақыттада қорғайтынын жеткізді.