Қазақстанда жылдан жылға елімізге инвестициялар тарту жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр Экономиканың нақты секторларының дамуы еліміздің болашағына зор ықпал eтeтiнi анық. Оның ішінде елдiң экономикалық өcуi жаңа ірі масштабты жобалардың көмегiнсiз, инвестиция және инновация, саяси тұрақтылық және ұлттық өндiрiстiң тиiмдi дамуынсыз қалыптасуы мүмкін емес. Сон¬дық¬тан да Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бас¬тап экономикалық жағдайды тұрақтандыру, ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді түрде жүзеге асырып келеді.
Соның ішінде Шымкент – республикалық қала статусын алған соң қаланың іскерлік белсенділігі өсіп, халықтың санымен ғана емес, экономикалық қуатымен де қарқынды дамып отырған шаһардың бірі. Шымкент, әсіресе инвестицияға қолайлы қала. Шаһарда арнайы экономикалық аймақ пен бірнеше индустриалды аймақ бар. Сонымен бірге жобалар «бір терезе» қағидаты бойынша толық қабылданып, кедендік салықтық режим, тегін жер телімі, мемлекеттік қолдау және дайын инфрақұрылым қарастырылған. Қалаға инвестиция тарту iciнде инвестициялық штаб жұмысының тиімділігін артып, инвесторлар үшін бюрократиялық кедергiлер азайып отыр. Өкен аптада қаланың осы және өзге де жетістіктері Елорда төрінде баяндалды. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялық қызметі алаңында өткен брифингте қаланың мегаполис мәртебесін алғаннан бергі негізгі даму көрсеткіштері мен осы жылдың алты айлық қорытындысын мәлім етті.
Қала әкімінің баяндауынша 2021 жыл Шымкенттің жалпы өңірлік өнімі 2,6 трлн. теңгеден асқан, экономикалық өсім 5,4 пайызды құрап отыр. Биылғы жылы алғашқы бес айда: құрылыс жұмыстары 3,4 пайызға, бөлшек сауда көлемі 18,5 пайызға артып отыр.
Әкім соңғы 4 жылда қалада өнеркәсіп өнімінің көлемі 60 пайызға, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 30 пайызға, қала бюджеті 4 есеге өскенін айтты. «Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгеннен бері өнеркәсіп өнімінің көлемі 492,3 млрд. теңгеден 785,4 млрд. теңгеге ұлғайды. 1,5 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылды. Биыл қалаға жарты триллионнан астам инвестиция тарту жоспарланған. Инвестиция тарту бойынша Шымкент 2021 жылдан бері елімізде көш бастап келеді. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнім көлемі алғаш рет 1 трлн. теңгеден асты. Ал, қала бюджеті 146,2 млрд. теңгеден 573,7 млрд. теңгеге дейін артты.»,-деді М.Әйтенов. Қала экономикасының орнықты дамуында өнеркәсіп саласының маңызы зор. Осы ретте жиында қала басшысы сондай-ақ халықтың табысын арттыра түсу үшін өндіріс орындары санын арттыру жұмыстары қолға алынғанын жеткізді.
Инвестиция негізінен құрылыс және өнеркәсіп салаларына бағытталып жатқан көрінеді. Мәселен өнеркәсіп бағытында биыл 16 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Инвестиция көлемі 52,3 млрд. теңгені құрап, 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда жоспарланған 5 кәсіпорын іске қосылды. Олардың ішінде Орталық Азияда теңдесі жоқ «KazAlPack» ЖШС «Алюминий банкілерінің өндірісі» жобасын атап өткім келеді. Жоба құны 23,4 млрд. теңгені құрайды. Жаңадан 145 жұмыс орны ашылды. Онда жылына 500 млн. дана алюминий банкілерін шығару жоспарлануда. Өндірілген өнім елге келген импорттың 60%-ын алмастырады. Қосымша 2023-2025 жылдары алюмин тақталары мен листтер өндірісі жобасы іске асырады. Инвестиция көлемі 40 млрд. теңге, 350 жаңа жұмыс орны құрылады, - деді ол. Жалпы қаладағы 4 индустриялды аймақта 185,3 млрд.теңгеге130 жоба іске асырылып, 8,3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған.