Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШО-ның онлайн саммитінде болған оқиғалар Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең қиын кезең деп баға берді.
"Қазақстан 30 жылдық тәуелсіздік тарихындағы ең қиын дағдарысты бастан өткерді. Бұл мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті”, – дейді Тоқаев.
Мемлекет басшысы бұл әрекеттердің дер кезінде бақылауға алынғанын мәлімдеді.
"Қазақстандық күш құрылымдары барынша қысқа мерзімде жұмылдырып, шабуылдаушыларға тойтарыс бере алды, жағдайды өз бақылауына алды”, – дейді Тоқаев.