Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он екінші сессиясында қаламыз үшін бірқатар маңызды шешімдер қаралып, мақұлданды. Сессия жұмвсына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.
Күн тәртібіне жалпы 13 мәселе шағырылып, депутаттар тарапынан қолдау тапты.
Жиында алдымен 2022-2024 жылдарға арналған қала бюджеті бекітілді. Онда қаладағы барлық мектептегі бастауыш сынып оқушыларын бір мезгіл ыстық тамақпен қамту, жолдарды орташа және күрделі жөндеу, денсаулық сақтау мекемелерін жабдықтау, спорт және мәдениет үйірмелерін жан басына қаржыландыру, кәсіпкерлікті қолдау, қала аумағын көгалдандыру, инфрақұрылым жүйелерін жүргізу сынды маңызды салаларға қаржы бағытталған.
Нәтижесінде келесі жылға арналған қала бюджеті 468 млрд. теңге көлемінде бекітілді. Оның 22,4% – даму бюджеті, 77,6% – ағымдағы шығындарды құрайды. Қала бюджетін нақтылау мәселесі қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларында, қоғамдық кеңесте жан-жақты талқыланған.
Сессия жұмысы барысында қаланың бес жылдық даму бағдарламасының орындалуы тыңдалып, жоспарға толықтырулар енгізілді.
Келесі жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қолайлы орта қалыптастыру, саябақтар мен скверлерді күтіп ұстау міндеттері бойынша жобалар мақұлданды.