Жолайрық құрылысы 5 қаңтарда басталады

Қысқаша

Жолайрық құрылысы 5 қаңтарда басталады

Screenshot_18.jpg

Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес  2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап Бәйдібек би - Арғынбеков  көшелерінің қиылысында  көлік жолайрығының құрылысы басталады. Осыған орай қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мердігермен бірлесе нысан  аумағындағы  кәсіпкерлермен көшпелі жиын өткізуде. 

Жолайрықтың техникалық сипатына сәйкес Бәйдібек би даңғылында 700 метр, Арғынбеков көшесінде 921 метр аралықта жол құрылысы жүргізіледі. Жоспарға сәйкес, ені 80 метрлі 4-6 жолақты жол болады. Ал жол жиегінде жаяу жүргіншілер жолы мен веложол қаралған. Бұл жұмыстар үшін 61 жер телімін мемлекет иелігіне алу көзделіп отыр.  

Жолайрық құрылысын толығымен аяқтау 2023 жылдың соңына жоспарланған. 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі