Шымкент қаласында жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 35 994 науқас анықталды. Емделіп шыққан науқастардың саны – 34 476.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 46 жағдайы тіркелген. Қазір 18 науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, 28-і үй бақылауына алынды.
Сонымен қатар, қалада 45 екпе нысаны жұмыс істеп тұр. Бүгінге дейін 1-ші компонентпен 552 393, 2 – ші компонентпен 519 914 адамға егілді.
Айта кетейік, қаланың медициналық ұйымдарында коронавирус індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры бар.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы