Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан, Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының «Түлкібас аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына ашық конкурс тәсілімен жарияланған №5299567-1 «интернет ұсыну» мемлекеттік сатып алуы бойынша камералдық бақылау жұмыстары жүргізілді.
Камералдық бақылаумен төмендегі бұзушылықтар анықталды.
ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 9 бабының 2 тармағына сәйкес, осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген:
1) мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігінен тікелей туындамайтын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді делінген.
Заңның 43 бабының 22 тармағына сәйкес, Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күн болуға тиіс делінген.
Алайда, конкурсты ұйымдастырушы Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының «Түлкібас аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен ашық конкурс тәсілімен жарияланған №5299567-1 «интернет ұсыну» мемлекеттік сатып алу бойынша Заңның 43 бабының 22 тармағының талаптары сақталмай, әлеуетті өнім берушілерге тауардың жеткізу мерзімін «күнделікті» делінген негізсіз талап белгіленгені анықталды.
Нәтижесінде, Департамент тарапынан, конкурсты ұйымдастырушыға «Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы» хабарлама жолданды.
Бүгінгі таңда, Департаменттің хабарламасы конкурсты ұйымдасырушымен тиісті түрде орындалған, яғни, №5299567-1 «интернет ұсыну» мемлекеттік сатып алу процедурасы Заң талаптарына сәйкестендірілген.
А. Шопчекбаев,
Түркістан облысы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маманы