Департамент тарапынан тексеріс жүргізілді

Қысқаша

Департамент тарапынан тексеріс жүргізілді

Screenshot_13.jpg

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан, Сайрам аудандық мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесімен  https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына ашық конкурс тәсілімен жарияланған №5492813-1 «Конкурстық құжаттамаға сәйкес ашық конкурс» мемлекеттік сатып алу ашық конкурсы бойынша камералдық бақылау жұмыстары жүргізілді.

ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 9 бабы 1 тармағы 4-тармақшасына сәйкес, әлеуетті өнім берушілерге  мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының болуы тұрғысында біліктілік талаптары қойылады.

Сонымен қатар, Заңның 9 бабы 2 тармағына сәйкес, «Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген:

1) мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін;

2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігінен тікелей туындамайтын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді» делінген.

Алайда, конкурсты ұйымдастырушы «Сайрам аудандық мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ашық конкурс тәсілімен жарияланған №5492813-1 «Конкурстық құжаттамаға сәйкес ашық конкурс» мемлекеттік сатып алуы бойынша Заңның 9 бабы 2 тармағының талаптары сақталмай, әлеуетті өнім берушілерге Конкурстық құжаттамаға 1-4-қосымшасында «...Укладчики асфальтобетона...» делінген негізсіз біліктілік талаптары белгіленгені анықталды.

Нәтижесінде, Департамент тарапынан, конкурсты ұйымдастырушыға «Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы» хабарлама жолданды.

Бүгінгі таңда, Департаменттің хабарламасы конкурсты ұйымдасырушымен тиісті түрде орындалған, яғни, №5492813-1 «Конкурстық құжаттамаға сәйкес ашық конкурс» ашық конкурсы бойынша мемлекеттік сатып алу процедурасы Заң талаптарына сәйкестендірілген.

А.Шопчекбаев,

Түркістан облысы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маманы