Түркістан облысында «Жүректен жүрекке» жаңа форматта өтті

Қысқаша

Карантиндік жағдайлар барлық көпшілік іс-шараларға шектеу қойды. Дегенмен мүмкіндігі

108.jpg

Карантиндік жағдайлар барлық көпшілік іс-шараларға шектеу қойды. Дегенмен мүмкіндігі шектеулі жандар екі жақты байланыс орнатудың жаңа түрін пайдаланбақ. Өткен аптада "Жүректен жүрекке" деп аталған ерекше форматтағы жоба ZOOM платформасында өтті. 

Шараға кітапхана қызметкерлері, жалынды жастар, әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мамандары мен мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.

Онлайн жобаны кітапхана қызметкері Асия Сабденкулова мен Халқаралық, республикалық қол арба жарысының бірнеше дүркін чемпионы Ермек Қалымбетов жүргізді. Жастарымыз шарада әуезді ән әйтып, жан тебірентер өлеңдер оқыды. Кітапхана жастары қазақтың бас ақыны, ұлы Абай Құнанбаевтың, Мұқағали Мақатаевтың бірнеше шығармаларын мәнерлеп оқып, көптің қошеметіне бөленді. Мүмкіндігі шектеулі жандар да қалыспай, Бибатырова Әйгерім, сәт триосының мүшесі Абилдаев Азат және Ермек Қалымбетовтер бірнеше әндер орындады. Жиынға қатысқандар бір марқайып қалғанын айтып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Мүмкіндігі шектеулі жандар жастарды тағдырдың сан мыңдаған сынағына сынбай, қасқайып қарсы тұруға, күресуге шақырды.

Айта кетейік, жобаны Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы мен Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ұйымдастырған болатын. Көптің көңілінен шыққан жоба "Дауыстап кітап оқу" форматында апта сайын жалғасатын болады.