Ордабасыда асыл тұқымды мал көбеюде

Қысқаша

Ордабасы ауданының шаруалары мал тұқымын асылдандыруға аса ден қойып отыр. Мал шаруашы

107.jpg

Ордабасы ауданының шаруалары мал тұқымын асылдандыруға аса ден қойып отыр. Мал шаруашылығы дамыған өңірде жыл басынан бері 4 мың 129 бас асыл тұқымды мал сатып алынды. 327 бас мүйізді ірі қара, 3 мың 739 уақ мал және 63 бас жылқы «Сыбаға», «Алтын асық» пен «Құлан» бағдарламалары бойынша алынды. Жалпы жергілікті шаруа қожалықтарында екі миллионға жуық мал басы бар деп есептелуде.
Шаруалар төрт түлікті көбейтумен қатар, өндірілген өнімін тек облыс көлемінде ғана емес, өзге өңірлерге экспортқа шығарды. Мал шаруашылығы өнімдерін арттыру бағытында жыл басынан бері 11 жарым мыңға жуық тонна ет өндірілді. Биылғы жылдың алты айында ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 12 млрд. 952 млн. теңгені құраған.
Сондай-ақ, Ордабасы ауданында биыл қосымша 60 мал бордақылау алаңдары ашылып, жалпы саны 339-ға жетті. Сонымен қатар, ауданда құс шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. Осы жылдың алғашқы 6 айында 5 мың тоннаға жуық құс, үндік еті өндіріліп, сатылымға шығарылды.