42500 теңгені 540 мыңнан астам азамат алды

Қысқаша

Төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға қолдау көрсету мақсатында ең төмен

115823037_747699312645021_8628974577710062000_n.jpg

Төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға қолдау көрсету мақсатында ең төменгі жалақы мөлшерінде 42500 теңге әлеуметтік төлемді тағайындау жұмыстары наурыз айының соңында басталған болатын. Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша 544,5 мың азаматқа 23,1 млрд. теңгеге әлеуметтік төлем берілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мәлімдеді.

Ағымдағы жылдың шілде айында шектеу іс-шараларын енгізілуіне байланысты табыстарын жоғалтқан мұқтаж азаматтарға ең төменгі жалақы (42 500 теңге) мөлшерінде біржолғы төлем жүзеге асырылатыны белгіленді. Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша 297,8 азаматқа 11,3 млрд.теңгеге әлеуметтік төлемдер берілді.

«Жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген және төлемге құқығы бар қызметкерлердің тізімін жұмыс берушілер egov.kz және 42500.enbek.kz порталдары арқылы ұсынады. Олардың қызметінің шектелу фактісін құрамына Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен кәсіподақтардың өкілдері кіретін аудандық және қалалық штабтар растайды. Басқа санаттағы азаматтар төлемдерді тағайындау үшін өз бетінше өтініш береді. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарға біржолғы төлемге өтініш беру үшін бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) қайта төлеу міндетті емес. Өтініштер 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін қабылданады», - деді Әсия Құралқызы.

Ағымдағы жылдың шілде айында шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-тан біржолғы төлем тағайындау туралы өтінімдерді келесі порталдар арқылы беруге болады: «Электрондық үкімет» веб-порталы; 42500.enbek.kz портал; telegram-bot-тар; Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы; екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары.