Топан судан зардап шеккен отбасыларға 1000 доллардан берілді

Қысқаша

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен ауыл тұрғында

Screenshot_4.png

Түркістан облысы  Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен ауыл тұрғындарына баспана салу үшін мемлекет тарапынан берілген 17 млн. теңгенің 50 пайызы толық аударылған. Ауыл тұрғындары екінші транш бойынша қалған қаражаттың 25% -на құжат өткізіп, қаржы ала бастады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен кездескен ауыл тұрғындары жұмыстың тоқтаусыз жүріп жатқаны үшін алғыс айтты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұдан бөлек, топан судың зардабын көрген барлық отбасыға кәсіпкер Әлішер Усмановтың қоры есебінен әрбір жанұяға 425 мың теңгеден (1000 АҚШ долларынан) берілген. Сондай-ақ, отбасының әр мүшесі мемлекет тарапынан 100 мың теңгеден қаржылай көмек алды.

Түркістан облысының әкімі кезекті рет Мақтааралға жұмыс сапарымен келіп, Өргебас және Фирдоуси ауылдарын қалпына келтіру жұмыстарының барысын бақылады. Мырзакент кентіндегі жаңа мөлтек ауданында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын тексерді. Салынып жатқан әлеуметтік нысандарды аралады. Тынымсыз жүргізіліп жатқан жұмыстарды тексерген облыс басшысы мобильді топ жұмысының тиімділігіне оң баға берді.

Су басқан ауылдардағы қалпына келтіру жұмыстары облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің жіті назарында.