Қазығұрттық шаруалар нольдік технологияны қолданады

Қысқаша

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Тұрбат елді мекенінде тұратын шаруа Халима Сейткарим

Screenshot_11.png

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Тұрбат елді мекенінде тұратын шаруа Халима Сейткаримова үй ауласында тропикалық банан жемісін өсіріп отыр. Бүгінде 40-қа жуық түп бар. Жеміс 9 жылда өнім береді. Былтыр 2 түптен 50 дана банан алған. Одан бөлек, үй ауласында 20 сотық жылыжай кешені бар. Тамшылатып суару әдісін енгізген. Былтыр 30 тонна қияр, қызанақ алған шаруа биыл өнім көлемі артады деп отыр.

Қазығұрт ауданы – аграрлы өңір болғандықтан, ауыл шаруашылығы дамыған аймақ. Аудан әкімі Төлеген Телғараевтың айтуынша, Қазығұрт ауданы бойынша егістік жердің көлемі 100 928 гектарды құрайды. Егін аяқталған соң жалпы егістіктің көлемі 84 530,6 гектар, ал астықтың көлемі 44 220,7 гектарды құрады. Оның ішінде 39 320,5 гектары - бидай, 24 900,2 гектары - арпа дақылдары. Мәселен, аудандағы «Сапа-2002» ЖШС-і инновациялық жаңа технологияға бетбұрыс жасап, 4-жылдан бері нольдік технологияны қолданып астық егуде. Яғни алдыңғы жылғы егістік алқапты жыртпай тікелей астық егуді қолға алған. 2019 жылы аталған агротехнологияны сапалы атқару мақсатында құны 12,4 млн. теңгеге бразилиялық дәнсепкішін сатып алған. Шаруашылық 2020 жылы нольдік технологияны 1500 гектарға енгізіп, әр гектарынан 21 мың теңге үнемдеп, жоғары өнімге қол жеткізіп отыр. Бүгінгі таңда өнім көлемі әр гектарынан 23,8 центнерден келуде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, ауданда шаруалар жаңбырлатып суару агротехнологиясын ендіріп, 1 алқаптан 4 ретке дейін мал азығын (жоңышқа) алуда. Соның айғағы «Қараша-агро» ЖШС-і 24 миллион теңгеге италиялық 3-бірлік жаңбырлатып суару техникасын алып, өз егістік алқаптарында іске қосып отыр. Тиімді, арзан әрі өнімділігі жоғары. Бұл технология облыс бойынша Қазығұрт ауданында алғаш болып қолға алынып отыр.