Ынтымақтағы ауыз су мәселесі шешімін тапты

Қысқаша

Түркістан облысы Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылының т

033.png

Түркістан облысы Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылының тұрғындары жуырда Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың қабылдауына кіріп,  ауыз суға қатысты талап-тілектерін білдірген болатын. 

Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 

айтылған талап-тілек бүгінде орындалды. Аудан басшысының тікелей тапсырмасымен 2000-ға жуық тұрғыны бар Ынтымақ ауылына ескі мұнараның орынына сыйымдылығы 25 мың тонналық жаңа су мұнарасы орнатылып, іске қосылды. Сағатына 40 текше метр су шығаруға қауқарлы насостар орнатылған су мұнарасы енді ауылдағы 1000-ға тарта түтінді ауыз сумен қамтамасыз етеді. Бұған дейін ауылда 1000 түтінді қамтамасыз ететін су стансасы тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған.

Айта кетейік, бүгінде Жетісай ауданына қарасты 113 елді мекеннің 101-і орталықтандырылған су құбырымен қамтылған. Өткен жылы Жетісай топтасқан су өткізгішіне қосылған Жылы су ауылдық округіне қарасты 5 елді мекенге 100 млн теңге, Ынтымақ ауылдық округіне қарасты бір елді мекенге 79,9 млн теңге қаражат қарастырылып жөндеу жұмыстары жүргізілген. 51 елді мекеннің 10-ы «Мембрана», 41-і «Омега» құрылғылары арқылы ащы суды тұщы суға айналдырып пайдаланып отыр.