Түркістанда «Бутик-отель» салынбақ

Қысқаша

«Түркістан» ӘКК» АҚ Түркістан қаласын дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттер аясынд

image.png

«Түркістан» ӘКК» АҚ Түркістан қаласын дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттер аясында облыс орталығының сервистік және қонақүй қызметтерінің нарығын зерттеп көрді. Нәтижесінде ең перспективалы, болашағы зор жоба ретінде қаланың тарихи-мәдени орталығына орналасатын «Бутик-отель» форматында қонақүй салынатын болды.

Жаңа форматтағы қонақүй көлемі 2400 шаршы метрді құрайтын қайта жаңартылған ғимаратта орналасады. Онда 66 бөлме болмақ. Жобаны іске асыру барысында қонақүй бизнесіндегі халықаралық стандарттар басшылыққа алынатын болады. «Бутик-отель» құрылысын жүзеге асыруға лайық әлеуетті серіктес-инвестор іздестірілді. Бұл ретте оның тиісті тәжірибесі мен біліктілігіне, портфолиосына басымдық берілді.

«Бутик-қонақүйі» мен қарапайым қонақүй арасындағы айырмашылық қандай? Бұл – алдымен, батыл дизайнерлік шешімдерде. Интерьерде қазақ халқының ұлттық нақыштары, Түркістанның тарихы көрініс табуы тиіс. Сондықтан серіктес ретінде жаңашыл жобалар құрылысында бай тәжірибесі бар «BI Group» компаниясы таңдалды. Жыл санап саны артып келе жатқан туристер легін ескерсек, этникалық стильде безендірілетін «Бутик-қонақүй» сұранысқа ие болады және жаңа Түркістанның сәніне айналады деп сенеміз» деп атап өтті «Түркістан» ӘКК» АҚ инфрақұрылым мен туризмді дамыту департаментінің директоры Баян Каюпова.

Сонымен қатар, қазіргі таңда халықаралық франшизаға ие кофейнялар, түрлі форматтағы мейрамхана кешендерін салу мақсатында серіктес-инвесторлардан ұсыныстар қабылдануда.