Түлкібаста шағын кәсіппен табыс тауып отырғандар көп

Қысқаша

Түлкібас ауданында кәсіпкерлікпен айналысатын іскер жандардың қатары артты. Былтыр «Б

image.png

Түлкібас ауданында кәсіпкерлікпен айналысатын іскер жандардың қатары артты. Былтыр «Бастау бизнес» жобасы бойынша төрт жүздей адам бизнестің қыр-сырын меңгерді. Жеке ісін ашуға талаптанған аудан тұрғындарына барлығы 1 млрд 343 миллион теңге несие берілді. Несие алып кәсібін бастаған азаматтар жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етіп отыр.

Соның ішінде Жеке кәсібін дамытуға бел буған ерекше көзге түскен «Бақдаулет» шаруа қожалығының төрағасы Турабек Бақдаулет Асланбекұлы. Бұрын ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін су жаңа ауыл шаруашылық техникасын алуды армандапты. Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламаның көмегімен осы арманын ойдағыдай іске асырды. Әуелі, «Бастау-бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздері бойынша білімін жетілдірді. «Кәсіпкерлік мектебі» мамандарының көмегімен Бизнес жоспарын әзірлеп, ауданымызда орналасқа «Түлкібас» несие серіктестігіне құжаттарын өткізген болатын. Азғана уақыт ішінде қомақты қаржыға ие болып, «Агротехника» бағдарламасы аясында су жаңа екі ауыл шаруашылық техникасына ие болды. Бүгінде 3 азаматты жұмыспен қамтып, ауыл шаруашылығының дамуына септігін тигізуде. 

Бақдаулет алдағы уақытта шаруасының қарқынды дамуына, ауданның әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуға септігін тигізуге жұмыс істемек.