Кәсіпкерлерге арналған несие көлемі артуда

Қысқаша

Өткен жылы шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға берілген несиелердің көлемі 1,1 млрд. т

image.png

Өткен жылы шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға берілген несиелердің көлемі 1,1 млрд. теңгені құраған.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің басым бөлігі сауда саласында. 2019 жылдың қорытындысы бойынша бөлшек сауда айналымы 164 млрд. теңгені құраған.

Жоғарыда аталған шаралар өңірдің экономикасын дамытуға, бизнестің белсенділігін ынталандыруға және экономикадағы ШОБ үлесін арттыруға ықпал ететіні анық.

Оған қоса, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы 2019 жылы 6,5 млрд. теңгеге 1456 жобаны қаржыландырып, 1 569 жұмыс орны ашылды.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 2019 жылы 310жоба іске асырылды. Жалпы кәсіпкерлікті қолдауға 2,4 млрд. теңге бағытталды.

Өңірдің инвестициялық тартымдылығын жақсарту және инвестициялық жобаларды іске асырудың тиімділігін арттыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Мәселен, бүгінгі күні өңірге 75 инвестор (оның ішінде 55 шетелдік) қызығушылық танытты, олар өз кезегінде өңірімізге 893,8 млрд. теңге инвестиция салып, 14 000-нан астам жұмыс орнын ашуды жоспарлауда. Қазіргі кезде 832,7 млрд. теңгеге 18 жоба бойынша инвестициялау туралы шешім қабылданды.

Облыста отандық тауар өндірушілердің экспортын ілгерілету бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Инвесторлар мен экспорттаушыларға қызмет көрсету бөлігі бойынша жаңа құрылым пайда болды және жоғарыда көрсетілген функциялар «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Қызметтердің толық спектрін ұсыну «Turkistan Invest» инвесторлар мен экспорттаушыларға қызмет көрсету орталығына жүктелген.