Сайрамда ет өндірісі ұлғайып келеді

Қысқаша

Сайрам ауданында жобалық қуаты жылына 50 000 тонна болатын, жалпы құны 3 456 млн. теңгені құр

image.png

Сайрам ауданында жобалық қуаты жылына 50 000 тонна болатын, жалпы құны 3 456 млн. теңгені құрайтын «Nurym Group» ЖШС етті қайта өңдеу цехын іске қосты. Онда 34 жаңа жұмыс орны ашылды.

Мал бордақылау алаңы «Қайып ата» ЖШС-нің еншілес ұйымы болып табылады. Негізгі бағыты - ірі қара малдарды бордақылау алаңында семірту, сонымен қатар, құрама жем цехы мен мал сою алаңымен қамту.

Болашақта 80 адамды жұмыспен қамтуды көздеп отырған серіктестік жылына 5 мың тонна ет өндіретін болады. 

Жалпы ауданның Индустрияландыру картасы аясында соңғы бес жылда 11,6 млрд теңгеге 12 жоба іске қосылып, нәтижесінде 610 жұмыс орны ашылған. Оның ішінде 2019 жылы 3 жоба іске қосылған. Олар "Айкан" ЖШС сүт зауыты 80 адамды, ЖК "Р.Абдужалилов" ағаштан жасалған жиһаздық бұйымдар, есіктер шығаратын цехы 30 адамды, "Nurym Group" ЖШС 10 000 мал басына арналған ферма құрылысы, құрамажем шығаратын кешен және ет өңдейтін цехы 25 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ауданда шағын кәсіп қарқынды дамып келеді, бүгінде олардың саны 15118 құрайды. Шағын және орта кәсіпкерліктен 66,2 млрд теңге өнім өндіріліп, бюджетке 3,4 млрд теңге салық түскен