Көкөніс сақтау қоймасында 1000 адам жұмыспен қамтылмақ

Қысқаша

ҚР Президенті ел халқына жолдаған жолдауында аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбеге

image.png

ҚР Президенті ел халқына жолдаған жолдауында аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керектігін айтып өткен болатын. Бұл мәселені шешуге барлық аграрлық кешеннің түбегейлі бет бұруы маңызды.

Бүгінде Түркістан облысында бұл бағытта бірнеше жобалар жүзеге асуда.

Аграрлы аудан саналатын мақтарал ауданында шаруалардың өнімін сақтап, әрі қарай сату үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында ауданның кіреберісіндегі Азаттық ауылынан замануй үлгідегі сауда логистикалық орталығының құрылысына 9 гектар жер учаскесі резервке алынған. Орталықта заманауи үлгідегі жеміс-жидек сақтау қоймалары, уақытша сұрыптау қоймалары, мұздатқыш камералары, жүк көліктеріне арналған тұрақжай мен техникалық қызмет көрсету стансасын салуға жалпы құны 600 миллион теңгеден аса инвестиция тартылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Соның бірі – Нұрсұлтан Сақтағанов бастаған “Мегагорстрой” ЖШС-нің көкөніс сақтау қоймасы. Құны 352,8 миллион теңгені құрайтын қойма 1000 тонна өнімді сыйдыра алады. Сондай-ақ, жоба іске асқанда 28 адам жұмыс орнымен қамтылмақ.

Сауда-логистикалық орталықта аудан аумағында өндірілген қауын-қарбыз, алма, жүзім өнімдерін қайта сақтаудан бөлек, оны өңдеу арқылы шырын, тосап т.б. дайын өнімдер жасайтын цехтарды іске қосу жоспарлануда. Ол үшін тамыз айында «Қауын фест» облыстық фестивалі өткізіліп, шетелден инвесторлар шақырылған. Сондай-ақ, аудандық кәсіпкерлер де қауын-қарбызды өңдейтін шағын цех ашуға қызығушылық білдіріп отыр.