Жалпы өңірлік өнім көлемі артуда

Қысқаша

Ел үкіметі бүгінде өндіріс орындарын ұлғайту ісіне көп көңіл бөліп келеді. Мемлекетті

 image.png

Ел үкіметі бүгінде өндіріс орындарын ұлғайту ісіне көп көңіл бөліп келеді. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы өңірлерде өндіріс орындарына көптеген қолдаулар көрсетіліп жатыр.

Көптеген кәсіпорындардың өндіріс қарқынының өсуі, жаңа қуаттардың енгізілуі және технологиялық процесті модернизациялау өнеркәсіптік сектордың орнықты дамуына ықпал етті.

Өткен жылы Түркістан облысында өнеркәсіп өнімінің көлемі 498,4 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі 105,3%-ды құраған.

Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын жалпы өңірлік өнім көлемі қаңтар-қыркүйек айларында 1 трлн. 272,3 млрд. теңгеге немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім +5,1%  жеткен.

Жалпы өңірлік өнімінің өсімі бойынша облыс республикада орташа өсім қарқыны бар өңірлер қатарына енді. Жалпы өңірлік өнім жан басына шаққанда 636,8 мың теңгеден келеді.

Өңдеу өнеркәсібі де дамып келеді. Мұнда 244,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2018 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 2,8%-ға артқан..

Атап айтар болсақ, сусындарды өндіру – 3,9%, тоқыма бұйымдарын өндіру – 27,9%, қағаз ж/е қағаздан жасалған өнімдер өндіру – 47,9%, кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру – 10,2%, металлургия өнеркәсібі – 10,7% артқан.

Индустрияландыру картасы аясында 21,3 млрд. теңгеге 13 жоба іске қосылып, 824 жұмыс орны ашылған.