Алмасайдан туристік орын ашуға болады

Қысқаша

Қазақстандық туризмнің дамуын қарқынды жолға қоятын бірден-бір бағыт – экотуризм. Елім

image.png

Қазақстандық туризмнің дамуын қарқынды жолға қоятын бірден-бір бағыт – экотуризм. Еліміздегі көрікті мекендер мен тарихи жерлер туризмді дамытуға үлкен мүмкіндіктер ашып отыр.

Шетелдерде демалуды қалайтын қазақ-стандықтардың саны жыл сайын артып отырғанын ескерсек, Қазақстанда экотуризмді дамыту – инвестицияларды ел ішінде сақтап қалудың бірден-бір жолы деуге болады.

Қазақстандағы көптеген жобалық бағыттарды жүзеге асырып, оны дамытуға атсалысып жүрген кез келген адам секілді, біз үшін де әрбір жердің өзінің қайталанбас ерекшелігі бар. Айталық, біздің Созақ ауданы да туризмге өте қолайлы аймақ. Оның ішінде, мысалы, ауданда осы жобаға енетін Алмалы (Арыстанды) шатқалын айтар едік. Шатқалдың табиғи су қоры мол. Бұлақтарының суы тұщы, минералды заттарға бай. Шатқалдың төрт жағы көрікті, бұталы, бұтақсыз өсімдіктерге бай, тау баурайы түрлі табиғи шөптесіндерге тұнып тұр. Іргесінде Торлан су қоймасы бар. Сондай-ақ, рухани орталық, облыс орталығы әрі туристік орталық Түркістан қаласына баратын Шолаққорған–Түркістан негізгі күре жолдың бойынан 800 метр қашықтықтағы тау жотасына орналасқан. Түркістан қаласынан 80 шақырым, аудан орталығы Шолаққорғаннан 20 шақырым қашықтықта орналасқан Алмалы тау шатқалында жеміс ағаштарының алуан түрі бар. Сондай-ақ, бұл шатқал болашақта балалар демалатын жоғары деңгейдегі сауықтыру орындарын салуға таптырмайтын жер. Ендеше, экотуризм үшін қолайлы саналатын Алмалы сай шатқалын заман талабына сай демалыс орны етуді қолынан іс келетін кәсіпкер азаматтар қолға алып жатса, нұр үстіне нұр болар еді.