Индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы Түркістан облысында жалпы сомасы 22 млрд. теңгеге 13 жоба жүзеге асырылып, 800-ден астам жұмыс орны ашылды. 2020 жылға 11 жобаны іске асыру жоспарланған.
Осыған орай мемлекеттік ұйымдардың "қарапайым заттар экономикасы" саласындағы тауарларды сатып алуда жергілікті қамту үлесінің нысаналы индикаторлары асыра орындалған. Атап айтқанда, жеңіл өнеркәсіп тауарлары - 60, жиһаз – 62, құрылыс материалдары – 67, тамақ – 85 пайызға орындалып, соңғы бағыт бойынша Түркістан облысының көрсеткіші Республикада І орынға шыққан.
Ал, облысқа тартылған инвестициялар 442 млрд. теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 39%ға жоғарылаған. Сонымен қатар, Түркістан облысының экспорт географиясы айтарлықтай кеңейтіліп, экспорт нарықтарының саны да ұлғайған.
Жалпы Түркістан облысында 150 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъекті жұмыс істейді. Аталған көрсеткіш бойынша облыста Республика бойынша екінші орында тұрақтаған. Ал, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 450 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өндірісі көлемі бойынша Түркістан облысы 1 орынға көтерілді.
Түркістан облысында өткен жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 500 млрд. теңгеге жуықтаған. Оның 245 млрд. теңгесі өңдеу өнеркәсібі өндірісіне тиесілі.
Өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері тамақ өнімдерін өндіру, жеңіл, химия өнеркәсібі, машина жасау, фармацевтикалық өнім өндіру және өзге де металл емес минералдық өнімдер сияқты бағыттар бойынша ұлғайған.