Түркістанда әлемде теңдесі жоқ туристік кешен салынуда

Қысқаша

Түркістан қаласында әлемде теңдесі жоқ туристік кешен салынуда. Мемлекеттік-жекешелі

 image.png

Түркістан қаласында әлемде теңдесі жоқ туристік кешен салынуда. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «Sembol construction» түрік компаниясы қолға алған «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің құрылысы жоспарға сәйкес қазан айында аяқталуы тиіс.

Халықаралық деңгейдегі алып кешенде замануаи қонақ үйлер, шығыс базары, мейрамханалар іске қосылып, жасанды көл пайда болады. Бірегей жобада көне шаһардың көрінісі сақталады.

Құрылыстың жалпы аумағы 200 мың шаршы метрден асады. Терең тарихымен танымал Түркістанның басты байлығы Қ. А. Яссауи кесенесінің маңында бой көтеріп жатқан бірегей жобада көне шаһардың көрінісі сақталған. Құрылыс жұмыстары алдағы қазан айында аяқталады деп күтілуде. Бұл – өткен жылдың қараша айында Стамбул қаласында өткен Қазақстан-Түркия инвестициялық форумы барысында жүзеге асқан жоба. Әзірге әлемде теңдесі жоқ туристтік кешеннің жалпы құны 39 млрд теңге.

Бұдан бөлек, Түркістан қаласында туристердің жайлылығы үшін "Rixos Turkestan", "Hampton by Hilton", "Innovation Central Asia" секілді заманауи қонақүйлер салынуда. 120 орынға шақталған "RIXOS TURKESTAN" кешені 3 гектар аумақта бой көтерді. 6 қабаттан тұратын ғимаратта 3 бірдей мейрамхана, кинотеатр және іскер топ өкілдері үшін бизнес орталықтар жоспарланған.