Жаңа жоба аясында 250 жұмыс орнын ашылмақ

Қысқаша

Индустриялық-инновациялық саясаттың мақсаты – ішкі және сыртқы нарықтарда өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттігін арттыру.

Индустриялық-инновациялық саясаттың мақсаты – ішкі және сыртқы нарықтарда өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттігін арттыру. Жаңа бағдарламаны іске асыру кезінде өңдеу салаларына, xалық тұтынатын тауарларды шығару шараларына жіті назар аударылады. Дәл осы кәсіппен айналысатын кәсіпорындарға қолдау жасалады.  Бүгінде бұл бағыттар бойынша Түркістан облысында ілкімді істер атқарылуда.

425fd4a4-ce31-482f-ab5e-87bea74dab84.jpgОрдабасы ауданында химия өнеркәсібі саласында "Standart Petroleum & Co" ЖШС көмір-химия комбинатының құрылысы жүргізілуде. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 95 млрд.теңге. Екі кезеңде жүзеге асырылып, 1 000-нан астам жұмыс орны ашылады. I кезеңді іске қосу 2020 жылдың соңына, II кезең - 2021 жылға жоспарланған. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Құрылысқа жоспарланған басқа да ауқымы жобалар бар. Атап айтқанда, "Turkistan Invest" басқармасының қолдауымен көкжидек өсірумен айналысатын "Loy Almaty" ЖШС-нің қазақ-грузин бірлескен кәсіпорны өңірге тартылды.

Жоғарыда көрсетілген жобаның өндірістік қуаты жылына 13 мың тоннаны құрайды. Жобаны жүзеге асыру Қазақстанның барлық нарығын қамтып,  Түркістан облысының экспорттық әлеуетін кеңейтуге үлес қосады. Жоба аясында облыс экономикасына шамамен 10 млрд. теңге инвестиция салып, 250 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Жобаны іске қосу Арыс қаласы маңындағы Байырқұм ауылында ағымдағы жылдың күзіне жоспарланған.