Түркістанда екі жүзден астам көлік онлайн тіркелді

Қысқаша

Мемлекетіміздің заман талаптарына сай дамуы жолында көптеген игілікті істер атқарылуда.

Мемлекетіміздің заман талаптарына сай дамуы жолында көптеген игілікті істер атқарылуда. Соның бірі – «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асуы. Қазіргі таңда ел халқы қызметтерді сандық жүйемен алуды жақсы меңгеріп келеді. 

4b3f2d14-242b-4751-aa5b-bf8c62ccfb1c.jpg

Төтенше жағдай кезінде түркістандықтар екі жүзден астам көлікті egov.kz порталы онлайн тіркеген.

«Біз мамандандырылған ХҚО-лар жабылғаннан кейін азаматтар арасында портал арқылы көлік құралдарын қайта тіркеу қызметі сұранысқа ие болмайды деп болжадық. Себебі әлі де көбісі көлікті автоХҚО-да тіркеуді жөн көреді. Бірақ статистика көрсеткендей, қазақстандықтар төтенше жағдай кезінде де көлік сатып алып, оны өздігінен қайта тіркеуге қоя алады», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Көліктерді қайта тіркеу қызметі egov.kz порталында «Көлік және коммуникациялар» бөлімінде қолжетімді. Оны онлайн режимінде алу үшін сатушы ЭЦҚ-ны пайдаланып, egov.kz порталына кіріп, сатылатын көлік туралы ақпаратты енгізіп, айыппұлдар мен салықтар бойынша берешекті тексеруге сұраныс жіберуі керек. 

Егер берешегі бар болса, электрондық үкімет порталы арқылы төлеп, өтінішке ЭЦҚ-мен қол қояды. Осыдан кейін сатып алушы электронды үкімет порталындағы жеке кабинетіндегі өтінішпен таныса алады. Онда айыппұлдарды тексеріп болғаннан кейін мемлекеттік нөмір және техпаспорт үшін тиісті алымдар мен тіркеу жарнасын төлеуі тиіс. 

Сатып алушы мәмілені өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен растайды. Кейін автоХҚО-ға тек дайын болған нөмір мен техникалық төлқұжатты алып кету үшін барады.