Жетісайлық кәсіпкер жерлестеріне 200 қап ұнын тегін таратып берді

Қысқаша

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Жетісай ауданында «BizBirgemiz» акциясы аясында жек

un.jpg

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Жетісай ауданында «BizBirgemiz» акциясы аясында жеке кәсіпкер аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға 200 қап ұн таратып берді. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпараттық агенттігі Түркістан өңірлік коммуникациялары қызметі таратқан деректерге сілтеме жасап хабарлайды.
Жетісай ауданы Қазыбек би ауылдық округіне қарасты Ә.Оспанов елді мекенінің тумасы елде жарияланған төтен жағдайдың карантинге ұласуына байланысты қиындыққа тап болған жерлестеріне осылайша қолдау білдіруді жөн санапты. Ол өз есебінен таратылған ұнның 100 қабын Жетісай қаласындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға үлестіріп берді. Дәл солай 100 қап ұнды Қазыбек би ауылындағы күнкөрісі қиындаған отбасыларға да таратып қайырымды іс жасады.
– Осындай қиын-қыстау кезеңде жерлестеріме көмек беруді азаматтық парызым деп есептеймін. Сол себепті осындай қайырымдылық шарасына үлесімді қосып отырмын. Ең бастысы – еліміз аман-есен осы қиындықты еңсерсе екен деген ниетім бар, – дейді аты-жөнін жария еткісі келмеген жомарт жүректі кәсіпкер.
Жалпы Жетісай ауданында қазіргі таңға дейін демушілер есебінен аз қамтылған отбасыларға 10 миллионнан астам қаржының көмегі көрсетілген.