Дезинфекция бекеті қойылды

Қысқаша

Дезинфекция бекеті қойылды

92691417_2336855203281445_2344407499089641472_o.jpg

Түркістан облысы Кентауда тұрғындарына коронавирус қауіпті індетінен сақтану жолдары түсіндірілуде.

Сондай-ақ қалада қарқынды түрде дезинфекция шаралары атқарылып жатыр.

Жуырда қалада тұрғындар көптеп жиналатын мекемелердің маңына дезинфекция бекеті қойылды. Мұнда әр адам өзін залалсыздандыра алады. Денсаулыққа еш зияны жоқ.

Қала әкімі Даурен Махажановтың тапсырмасына орай жүзеге асқан бекет қаланың тағы 4 бөлігіне қою жоспарлануда.

Бұның барлығы қала тұрғындарын covid-19 вирусынан сақтандыру және алдын алу болып табылады.

Жұқпалы, аса қауіпті аталған індетінен сақтану және алдын алу бойынша Кентау қаласына қарасты Жүйнек ауылдық округінде ауыл тұрғындарына тегін маска таратылды. Ауыл әкімдігінің ұйымдастыруымен, ауыл кәсіпкерлерінің қолдауымен жүзеге асқан игі іс алдағы уақытта да жалғасын таппақ. 10 мыңнан аса тұрғыны бар ауылда короновирус індетін болдырмау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ауылды залалсыздандыру шаралары атқарылуда. Дегенмен, ауыл тұрғындарына үйден шықпау, жеке бастың гигиенасын сақтау, көпшілік жерде бетпердесіз жүрмеу, әр отбасы өз ауласын дезинфекциялап отыру керектігі насихатталуда.

Жалпы облыста дезинфекциялау жұмыстары барлық аудан, қалаларда үзіліссіз жүргізілуде.