Түркістан облысында 22 мемлекеттік қызмет электрондық форматта көрсетіледі

Қысқаша

Бұл қызметтер әзірге Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында онлайн көрсетіледі.

87505905_116193736633016_5822956715334696960_o.jpg

Түркістан облысының жеке және заңды тұлғалары ашық түрде электрондық форматта мемлекеттік қызметтің 22 түрін толық ала алады. Қолжетімді мұндай қызметтер Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде, сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Түркістан облысының әкімдігімен жүзеге асуда. Бұл туралы Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мәлімет таратты деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпараттық агенттігі.

Жер қатынастары, сәулет, жұмыспен қамптуды үйлестіру, ауыл шаруашылығы бойынша қызметтерді электрондық жүйеде алуға болады. Бұл қызметтер әзірге Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында онлайн көрсетіледі.

– Түркістан облысының мемлекеттік қызметтерінің геоақпараттық порталдың қолданылуы және функциялары жайлы Түркістан қаласының жер қатнастары, сәулет, жұмыспен қамтуды үйлестіру, ауыл шаруашылығы саласының тиісті мамандарына оқыту жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік қызметтерді https://qyzmet.iturkistan.kz/  адресі бойынша Түркістан облысы мемлекеттік қызметтердің геоақпараттық порталынан алуға болады. Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бес әрекеттен тұрады. Бірінші – порталға тіркелесіз, авторизациядан өтесіз. Екінші – өзіңізге қажетті қызметті таңдайсыз. Үшінші – өтініш бересіз. Төртінші – электронды сандық қолтаңбаңызды қоясыз. Бесінші – шешімді аласыз, – деп түсіндірді Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев.