Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау мақсатында өңірге бөлінген тоқсан үш мың бес жүз тонна минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға үш миллиард жеті жүз елу миллион теңге қаржы қарастырылып отыр. Бұл туралы көктемгі дала жұмыстарының барысын баяндаған Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Нұрбек Бадырақов айтты, деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі.
– Түркістан облысында тоқсан үш жарым мың тонна минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға үш миллиард жеті жүз елу миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Бүгінгі таңда облысқа «КазАзот» акцонерлік қоғамы тарапынан жиырма жеті мың тонна минералды тыңайтқыштар жеткізіліп, жеті мың тоннасы тауар өндірушілерге босатылды, – дейді басқарма басшысы.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге «Аграрлық несие корпорациясы» акцонерлік қоғамы тарапынан бес миллиард үш жүз миллион теңге несие қаралған. Оның екі миллиард алты жүз миллион теңгесіне алты жүз елу төрт жоба мақұлданып, бір миллиард теңгесімен жүз он екі тауарөндіруші қаржыландырылды.