Түркістан облысында жұртты нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты бойынша сегіз мыңға жуық азаматқа мемлекеттік грант берілді. Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева өңірлік коммуникация қызметінде берген брифингінде айтты, деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігінің Түркістан қаласындағы тілшісі.
– Өткен жылы облыста «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 11 мың 412 адамды қамту жоспарланған болатын. Оның ішінде «Бизнес-Бастау» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша 1320 адамды оқыту көзделген еді. Бірақ, іс жүзінде оқуға 2 мың 65 адам жіберілді. Соның 1 мың 914-і оқуды аяқтап, сертификат алды. 2000 адамға микрокредит берілді. 7 мың 892 адамға грант беру жоспарланып, іс жүзінде 7 мың 903 грант берілді. Ал, қаржы ұйымдарының қаражаты есебінен 200 адамға несие беру жобаланған болса, 1160 адам микрокредит алды. Бұлардың барлығы да облыста жұмыспен қамту шараларының жоспарланғаннан артығымен орындалғанын көрсетеді, – дейді Әсия Құралқызы.