Әлемді шарпыған коронавирус дерті адамдардың тығыз қарым-қатынасын біршама алшақтатқанымен мемлекеттік цифрландыру бағдарламасын дамытуға сеп болып тұр. Елімізде енгізілген төтенше жағдай мемлекеттік мекемелерді қашықтықтан жұмыс істеуге мәжбүр етті, деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі. Соның бірі – Түркістан облысы бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары.
Аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары арнайы жұмыс регламентіне аударылды, қызметкерлердің жетпіс пайызы қашықтықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыстырылды.
Облыстың аудандық және қалалық мемлекеттік кірістер басқармаларының жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін шектеліп, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 13.30-ға дейін қысқартылды. Яғни, азаматтарға белгіленген уақыт аралығында қызмет көрсетеді.
Келу тәртібімен салық төлеушілерге қызмет көрсетілмейді.
Қызметтерді көрсету тек электронды түрде, сонымен қатар электрондық пошта арқылы (электронды түрде қолжетімсіз қызметтер бойынша) жүргізіледі. Егер жедел түрде ақпарат алу керек болса, ол жағдайда аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалардың байланыс-орталықтары әр аудан мен қалада құрылған және жұмыс жасауда.